Instagram

Шымкент қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында «Бақытты отбасы» аллеясы ашылды.


Аллеяның негізін қалаушы — Керимбаева Наргиза Абайдуллақызы. Жоба қала тұрғындары мен қонақтарының отбасымен бірге уақыт өткізуіне, серуендеп, демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Аллея аумағында демалыс орындары, көгалдандырылған аймақтар, абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолдары және заманауи фонтан қарастырылған. Бұл орын балалармен серуендеуге, отбасымен бірге уақыт өткізуге және қала тұрғындарының бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
«Бақытты жанұя» аллеясы — отбасы жылуы, татулық пен бірлікті дәріптейтін, әрбір отбасы үшін қуанышқа, жағымды кездесулер мен жарқын естеліктерге толы ерекше мекен!

1